Жаңалықтар 01.11.2018 сағат 08:49  303

Алматыда көлік 60 жастағы әйелді қағып өлтірді

Алматыда тайғақ жол мен жылдамдықты асыру салдарынан ірі жол апаты болып, салдарынан бір әйел қаза тапты деп жазады Sputniknews.kz.

Алматыда көлік 60 жастағы әйелді қағып өлтірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жол апаты сағат 11:00-де Сүйінбай даңғылында Кожедуб көшесінен төменірек жерде болған. 

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Сүйінбай даңғылымен солтүстікке бағытта бара жатқан жүк көлігі оң жақтағы аулаға бұрыла бергенде, алдынан көлік шығып, тоқтауға мәжбүр болады.

Сол кезде Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта қатты жылдамдықпен Audi 80 көлігі бара жатқан еді. Бұрылыста жолдың тайғақтығынан жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік бір жаққа ығысып, жүк көлігінің тіркемесіне соғылып, соққыдан кейін инерциямен 60 жастағы жаяу жүргінші әйелді қағып кетеді. Ақырында көше шамының бетон бағанасына соғылып тоқтайды.

Қарт әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші ауыр жарақат алыпты. Бетон бағанаға соғылып, быт-шыты шыққан көліктен жүргізушіні құтқарушылар шығарып алған.

Қазір жол апатына айыпты ер адам жақын маңдағы ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ол рөлде мас күйінде болған. Бұл деректі жол апатын тергеу барысында полицейлер анықтайды.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар