$ 448.15  483.46  4.86

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін өңір активінің жиналысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа орынбасарын таныстырды деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Нұрлан Бақтыбайұлы Таубаев облыс әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды», - деді Нұрлан Ноғаев.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Сүйіншалиев Жасұлан Асқарұлы берген өтінішіне сәйкес осы лауазымнан өз еркімен босатылды.

«Мен Жасұлан Асқарұлына осы қызметте атқарған жемісті және белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Сіздің жұмысыңыздың барысында облыста көптеген жобалар жүзеге асырылды. Құрылыс және ТКШ саласы жаңа серпін алды.

Сізге алдағы уақытта да жаңа жұмыс саласында өз ісіне адал болуға және өз қызметін кәсіби жүзеге асыруға тілектеспін», - деді Нұрлан Ноғаев.

Әкімнің орынбасары болып тағайындалған Нұрлан Таубаевтың тұрғын үй-коммуналдық, автомобиль, құрылыс секторына жетекшілік етуге мүмкіндік беретін үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

«Мен Нұрлан Бақтыбайұлының тәжірибесі мен білімі қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін пайдалы болатынына сенімдімін. Оның үш жоғары білімі бар. Еңбек қызметінің басында бизнес саласында жұмыс істеді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2015 жылы осы департаментті басқарды. 2018 жылдың басынан осы күнге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл өңір үшін қажетті жобаларды дамытуға бағытталған міндеттерді іске асыру үшін оның білімі жеткілікті екенін көрсетеді», - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары