$ 514.65  544.6  5.17

Жаңаөзенде Toyota Land Cruser аялдамада тұрған 3 адамды қағып өлтірді

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жол талғамайтын автокөлік аялдамада тұрған 10 адамды қағып кетті. Салдарынан олардың үшеуі қайтыс болған. Бұл туралы куәгерлер айтты деп жазады lada.kz.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Жаңаөзен қаласының «Мерей» шағын ауданында болды. Адамдар аялдамада қызметтік автобусты күтіп тұрған. Сол сәтте Toyota Land Cruser көлігі аялдамаға келіп соғылады. Көлік жүргізушісі өзге бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысып қалмау үшін басқа жаққа бұрылғанымен, көлікті басқара алмай қалған.

Оқиға орнында екі ер адам қайтыс болды, тағы бір адам кейінірек көз жұмған. Сондай-ақ жол апатының салдарынан зардап шеккен 7 адамның арасында 1 әйел бар.

Айта кетсек, оқиға 1 қараша күні сағат 07:40 шамасында болған. Жаңаөзен қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақаттарымен 7 адам жеткзілген. Олардың 5-інің сынған жерлері бар және олар әлі ауруханада жатыр. Біреуін амбулаториялық емдеуге жіберді. Тағы бір адамның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары