Жаңалықтар 03.11.2018 сағат 06:14  655

Ақтөбеде шоқпар мен пышақ ұстаған 200 студент төбелеске шықты

Ақтөбелік колледждің 16-22 жас аралығындағы 200 студенті кастет, шоқпар және пышақпен қаруланып, төбелес шығармақ болды деп жазады Ақтөбе Таймс.

Ақтөбеде шоқпар мен пышақ ұстаған 200 студент төбелеске шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Абырой болғанда, полицейлер мен қоғамдық бірлестік жұмысының арқасында, қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін төбелеске жол берілмеді.

Басылым мәліметінше, студенттер өткен аптада қала орталығында төбелеске шықпақ болыпты.

«Бүркіт» қоғамдық бірлестігінің басшысы Серік Сағиевтің сөзінше, жергілікті сауық кештерінің бірінде бір жігіт соққыға жығылған. Дәл осы жайт төбелеске себеп болыпты. Бірлестік қызметкерлері студенттердің кек алмақ ниетін туралы біліп, полиция шақырған.

Төбелеске колледждің 16-22 жас аралығындағы 200-ге жуық студенті шыққан.

Сағиевтің сөзінше, полицейлер студенттер мінген көліктен шоқпар, пышақ, шынжыр мен кастеттер тапқан. Артынша 13 студент полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Десе де сол күні кек алмақ болған жастарды тыныштандыру мүмкін болмапты. Олар келесі күні сауда орталығының маңында жиналған. Алайда «Бүркіт» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерін көріп, мәселенің шешілгенін айтып, тарасыпты.

Дереккөз: Stan.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар