$ 494.87  520.65  4.91

Жыныстық қатынас қандай аурулардың алдын алады?

Ғалымдар адамдардың жыныстық қатынасқа түсу арқылы кей ауруларды емдеуге болатынын дәлелдеді. Айтуларынша, төсек қатынасына жиі түсу арқылы жүрек және қан тамырлары ауруларын, күйзеліс пен ұйқының қашуы, бас сақинасы сынды ауруларды емдеуге болады екен деп жазады 7mednews.ru.

Мамандардың зерттеуінше, жыныстық қатынас тек адамдарға ләззат сыйлап қана қоймай, көптеген ауруларды емдеуге көмектесетін көрінеді.

«Жыныстық қатынасқа жиі түсу арқылы жүрек және қан тамырлары ауруларының алдын алуға болады. Ол адамдарды емдеп қана қоймай, оларға жан тыныштығын сыйлайды. Сондықтан төсек қатынасынан қашпаған жөн», - дейді ғалымдар.

Сонымен бірге олар халық арасында көп тараған ауру түрлерін жыныстақ қатынасқа жиі түсу арқылы емдеуге болатынын алға тартқан.

«Мысалы жыныстық қатынасқа түсу арқылы қатерлі дерттің алдын алуға болатыны дәлелденді. Олардың ішінде төсек қатынасы арқылы сүт бездерінің қатерлі ісікке шалдығуына жол бермеуге болады», - дейді мамандар.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары