Синоптиктер 4 қараша күні Қазақстанның басым аумағында күннің бұзылатынын болжап отыр. Яғни, ауа-райы құбылмалы болады деп хабарлайды Қазгидромет.
Атап айтар болсақ, тек батыс пен оңтүстік өңірлерде ғана күн ашық. Қалған облыстардың бәрінде жауын жауып, қалың тұман түседі деп болжануда. Сондай-ақ, синоптиктер кей жерлерде желдің күшейетінін айтып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын болуы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады деген болжам бар, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.