Қостанайда жаяу жүргіншіні қағып кеткен 29 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға облыс орталығындағы Жауынгер-Интернационалистер көшесінде болған. Қатты жылдамдықпен келген «Лексус» көлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған әйелді соғып кеткен.
Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
«Полиция қызметкерлері жаяу жүргіншіні соққан 29 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Осыған дейін Қостанайда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты, жүргізуші қаза болғандығын жаздық.
Дереккөз: ҚазАқпарат