$ 444.22  476.38  4.82

Канада астанасында екі ұшақ бір-бірімен соқтығысты

Канада астанасы Оттавада екі ұшақ әуеде соқтығысып қалды деп хабарлайды CTV телеарнасы.

Оқиға 4 қарашада шамамен сағат 10.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де) болған. Оттава полицейлерінің айтуынша, ұшақтар соғысқаннан кейін біреуі құлап кеткен. Ал екіншісі Оттава Халықаралық әуежайына келіп қонған.

Төтенше жағдай салдарынан апатқа ұшыраған ұшақтың ұшқышы қаза тапқан. Канаданың көлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңесте әуежайға қонған ұшақтың айтарлықтай бүлінбегені айтылды. Ол ұшақта екі адам болған, ешкім зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары