АҚШ әскери қызметкерлері атынан тіркелген ондаған твиттер-аккаунттардың шын мәнінде ресейлік агенттермен (тролльдар фабрикасы) байланысы бар. Осылай деп «Америка дауысына» АҚШ-тың әскери шенеунігі мәлімдеді.
Олардың мәліметінше, өздерін әскери қызметкерміз деп көрсеткен аккаунт иелері америкалық әскерилермен байланысқа түсіп, үкіметіне қарсы арандатпақ болған.
Мәлім болғандай, «Пентагонмен байланысы бар» делінген, бірақ шын мәнінде Ресейден басқарылған 39 аккаунтты таяуда Twitter әкімшілігі жауып тастады. Сонымен бірге дәл осындай жалған аккаунттарды да Фейсбук желісінен байқауға болады.
Бұл ақпарат Конгресс сайлауына дейін бірнеше күн бұрын пайда болған. Америкалық шенеуніктер Мәскеу сайлау процесіне ықпал жүргізуге тырысып жатыр деп мәлімдеп келген.
Twitter сервисі таяуда 10 мыңға жуық күдікті аккаунттарды жойды. Олар АҚШ-тың Демократиялық партия атынан халықты аралық сайлауға қатыспауға үндеген.
Дереккөз: 365info.kz