$ 498.34  519.72  4.85

Семейде мейрамханадан өрт шықты

Семей қаласында мейрамханалардың бірінде өрт болып, 30 адам эвакуацияланды деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

«Оқиға жексенбі, 4 қараша күні Петров қиылысындағы 2 қабатты мейрамханада болды. Ғимарат жеке орналасқан. Бірінші қабаттағы ас үйде, ыдыста май тұтанған. Жалын иіс сорғыш жүйемен жоғары көтеріліп, нысан шатырының ағаш конструкциялары жана бастаған. Өрт  сөндірушілер бірнеше минуттың ішінде жетіп, 30 адамды сыртқа шығарды. Жалын бірден үш жерден сөндіріліп, толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ», – деді ведомстводан.

Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оның шығу себебі, кінәлі адамдар мен келтірілген залал анықталып жатыр.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары