$ 494.87  520.65  4.91

Индонезияда құлаған Boeing бортында жарылыс болмағаны анықталды

Lion Air компаниясының 29 қазан күні апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағы теңізге қатты жылдамдықпен келіп соқтығудан қираған. Индонезия көліктегі қауіпсіздік ұлттық комитетінің жетекшісі Сурджанто Танджоно ұшақ бортында жарылыс болды деген болжамды терістеді деп жазады Азаттық.

Сарапшылардың экипаж бортындағы ақпаратты жазып алатын құрылғысынан («қара жәшік») алған мәліметі бойынша, теңізге құлайтын кезде ұшақ қозғалтқышы бар күшінде жұмыс істеп тұрған. Ұшақ апатының мән-жайы туралы қорытынды сонымен қатар ұшақ сынықтарының суда қалай жатқанына да қарап шығарылған. Ұшақ бөлшектері радиусы 500 метрден жақын аумаққа түскен.

Индонезиялық Lion Air компаниясының Boeing 737 ұшағы Джакартадан Панкалпинанг қаласына ұшатын. Ол әуеге көтерілген соң 13 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен ұшақ Суматра және Батыс Ява аралдарының арасындағы Ява теңізіне құлаған. Бортта болған 189 адам түгел қаза тапқан. Ұшақтың «қара жәшігі» 1 қараша күні табылған. Құтқарушылар экипаж сөзін жазып алатын екінші құрылғыны іздеп жатыр.

Ұшақтың не себепті құлағаны әзірге белгісіз. Ұшақ 2018 жылы жасалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары