Жаңалықтар 06.11.2018 сағат 11:01  1174

Астанада тағы да екі жүкті әйел көз жұмды

Астанада өткен аптада екі жүкті әйел қайтыс болды деп хабарлайды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Астанада тағы да екі жүкті әйел көз жұмды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

31 қазанда 30 жастағы әйел өз үйінде көз жұмған. Ол мерзімі жетпестен босанып қойған екен.

«Сот-медициналық сараптамадан кейін әйелдің туа біткен бас ми-қан тамырлары патологиясы бар екені анықталды. Алайда, одан бұрын ауруы жайында еш білмеген», – дейді қалалық әкімдікте өткен брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы директорының орынбасары Әлия Рүстемова.

Екінші қайғылы жағдай 4 қарашада болды. №2 перианталды орталыққа 38 жастағы әйел ес-түссіз күйінде түсіпті.

«Әйелді құтқарып қалу үшін барлық медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Өкінішке қарай ол қайтыс болып кетті», – дейді Рүстемова.

Оның айтуынша, әйелдің жүктілігі жоспарлы түрде болмаған және тұрғылықты мекені жоқ болып шығыпты. Жүктілігі бойынша ешқандай тіркеуде тұрмаған. Тіпті, туысқандарынан жүкті екенін жасырыпты. Өйткені тұрмыста болмаған және жиі пәтер ауыстырып келген.

Акушер-дәрігер Иван Коркан сәбидің жатырда шетінеп кеткенін айтады.

«Әйел үш күн бойы ауыр хәлде үйінде жата берген. Жүктілігін тоқтату үшін және ауырсынуды басатын дәрілер ішкен. Сөйтіп бала әйелдің ішінде қайтыс болып, денесі бөлшектене бастаған. Әйел перзентханаға өте ауыр жағдайда түсті», – дейді акшер-дәрігер Иван Конкан.

Айта кетсек, Астанада жыл басынан бері 7 жүкті әйел қайтыс болды. 21-25 маусым аралығында 31 және 34 жастағы әйел №1 перианталды орталықта көз жұмған болатын. Бір апта өткеннен кейін тағы бір әйел қайтыс болды. 16 шілдеде №2 перианталды орталықта төртінші жүкті әйел о дүниелік болып кеткен. Ал қыркүйекте №1 перианталды орталықта тағы да осы оқиғаның қайталанғаны хабарланды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар