$ 498.34  519.72  4.85

Невзат Уянык: «3,5 млн сириялық бауырымызға 32 млрд доллар жұмсадық»

«3,5 млн сириялық бауырымызға 32 млрд доллар жұмсадық». Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык Астанада БАҚ өкілдеріне арналған брифингте осылай деді.

Невзат Уянык көптеген елдердің Сириядағы қақтығысқа тек «босқындар фобиясы» ретінде қарағанына қарамастан Түркия қолдан келгенше көмек қолын созып отыр дейді.

«3,5 миллион сириялық бауырымызға есігімізді ашып, оларды елімізде қонақ ету үшін бүгінге дейін 32 миллиард долар жұмсадық.

Түркия, Сирия топырағында тыныштықтың орнауы мен қазіргі қақтығыстың саяси шешім арқылы тоқтатылуы үшін өз жұмыстарын жалғастырып келеді. Осы орайда Қазақстан да Сирия мәселесіне қатысты Астана процесін ұйымдастырып, маңызды қолдау көрсетіп жатыр», - деген Уянык Қазақстанға ерекше алғыс айтты.

Айта кетейік, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының ұсынған көрсеткішіне сәйкес, Түркия әлемде ең көп босқын қабылдап отырған ел. Бүгінде 600 мыңнан астам сириялық балалар білім алып жатыр. Бастауыш сынып жасындағы сириялық балалардың 97%-ы мектеппен қамтылған. Сонымен қатар, 20 мыңнан аса сириялық жастар жоғары білімін жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары