Көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1083 көші-қон заңнамасының бұзылу фактілері анықталды деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті.
Ағымдағы жылдың 29 қазаны мен 6 қараша аралығында тұрғын үй иелері және тіркелетін Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер арасындағы делдалдық фактілерінің алдың алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.
«Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 1083 фактісі анықталды, оның: 334-і – шетелдіктің келу ережесін бұзғаны үшін, 107-сі – қабылдаушы тұлғаның шетел азаматтарының келу ережесін бұзғаны үшін, 98-і – тұрғын үй иелері оларда нақты тұрмайтын азаматтарды тіркеуге жол бергені үшін, 544-і – тұлғалардың Қазақстан республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрған», – делінген хабарламада.
Жалға берушілер өз кезегінде көбінесе оларда тұратын тұрғындарды тіркеуге тұрғызбайды. Нәтижесінде пәтерді жалға алушылар тұрақты мекенжайы бойынша тіркеуге тұра алмайды және тіркеусіз тұрады немесе жалған мекенжай бойынша тіркеліп, бір мекенжайда 100-ден аса адам тіркелуі мүмкін.
Атап өтетін жайт, «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мекенжайға тіркелу мәселесі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді (медициналық қызмет көрсету, мектеп, балабақша тағы басқалар).
Тұрғын үй иелері мен тіркелетін Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы делдалдықтың 140 фактісі анықталды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 4 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматтары жауаптылыққа тартылған, оның ішінде: құжаттарсыз және тіркеусіз тұрғаны үшін (ӘҚБтҚРК 492 бап) – 3.901, оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғларды тіркеуге жол бергені үшін (ӘҚБтҚРК 493 бап) – 188.
Дереккөз: Елорда Инфо