Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Астана қаласында көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жауады. Облыстың кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Өскемен қаласында жаңбыр жауып арты қарға ұласады. Бұрқасын соғады, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшті жел соғады. Семей қаласында қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат