$ 443.85  474.3  4.8

«Союз ТМА-18» кемесі халықаралық ғарыш станциясына сәтті түйісті

Бүгін, Астана уақытымен сағат 13.39-да «Союз-ТМА-18М» басқарылатын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасымен ойдағыдай түйісті деп хабарлайды Роскосмос баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық ғарыш станциясының бортында Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов пен Роскосмос ғарышкерлері Геннадий Падалка, Андреас Могенсен бар ғарыш кемесі аттанды.

Бұған дейін қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылдың 2-ші қазанында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшса, араға 3 жыл салып, яғни 1994 жылдың 1-ші шілдесінде Талғат Мұсабаев «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен алғашқы ғарыштық сапарына аттанған болатын.  

Халықаралық ғарыш станциясының бағдарламасы бойынша,  12 қыркүйекте «Союз ТМА-16М» халықаралық ғарыш станциясынан ажыратылып, құрамында Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов пен Роскосмос ғарышкерлері Геннадий Падалка, Андреас Могенсен бар экипаж Жерге оралады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары