Ферғана облысындағы Бешарык аудандық сотында 13 жастағы қыздың ісі қаралды деп жазады centralasian.org.
Сот залында жәбірленушінің өз еркімен интимдік қатынасқа барғаны айтылды.
«Қыздың денесінде ешқандай зорлық белгілері табылмады. Ол ер адамдармен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскен. Сондай-ақ сот сараптамасы қызға 5000 сом берілгенін анықтады. Тек жәбірленуші алданып қалған», − дейді құқық қорғау органының қызметкері.
13 жастағы қыз бұған дейін өзінің автокөлік жуатын орында зорланғанын айтып шағымданған. Ер адам оны бөлмеге күштеп кіргізіп зорлап, кейін досын шақыртып, ол да интимдік қатынасқа түскен. Сот-медициналық сараптамасы қыздың 10 мамыр күні зорланғанын дәлелдеді.
Сот отырысының жалғасы келесі аптада өтеді.