04.09.2015, 10:24

Жанармай бағасы 148 теңге болуы мүмкін дейді сарапшылар

kursiv.kz

Жақын арада жанармай бағасы көтеріліп, 148 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл туралы экономикалық сарапшы Денис Кривошеев айтты деп kursiv.kz - ке сілтеме жасап 7kun.kz хабарлайды.

Оның сөзінше, жанармай бағасының көтерілуінің негізгі себебі ретінде қанша қарама-қайшы болса да мұнай бағасының төмендеуін айтуға болады.

«Арзан мұнай отандық қазынаға ешқандай табыс әкелмейді. Әрине, бұл бірінші кезекте экономикаға трансферт жіберуі қажет Ұлттық қорға қатысты болмақ. Бюджет тапшылығы мен әр саладан келетін табыс азаюының орнын жабу керек. Бұл жерде жанармай бағасын көтеру деген шешім дәл келіп тұр», — деді Д.Кривошеев. Оның есептеуінше, бүгінде жанармайдың обьективті бағасы 142 теңге болу қажет. Сондай-ақ өзге сарапшылар да бұл бағаның өндірісі шығындарын, технология және логиситиканы есептегенде ең әділі екендігін мәлімдеді. Қазіргі бағаның қалғанын қалағанмен, алдағы ай ішінде жағдай теріс жаққа өзгеруі мүмкін.