8 қарашада қаруланған белгісіз біреулер Шамалған стансасындағы кафеге басып кіреді. Күдіктілер дәмхана қожайынын байлап, ұрып-соққан. Олар екі ойын автоматын, ұялы телефон және қомақты қаржыны өздерімен алып кеткен деп хабарлайды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қарасай ауданының полицейлері бірнеше сағат ішінде күдікті 4 ер адамды ұстады. «Жедел іздестіру барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен көрші ауылдың тұрғындары (1971-1986 жылғы ) ұсталды. Кафеден ұрлап кеткен заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталғандар қазір аудандық полиция бөлімінің уақытша қамау изоляторына қамалды», – дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Аталмыш қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.
Дереккөз: Newtimes.kz.