Жаңалықтар 10.11.2018 сағат 08:12  439

Нұрәли Әлиев Қытайдың ең бай миллиардерімен бір кеште жүр

Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәли Әлиев Қытайдың ең бай миллиардері Джек Мамен бір кеште көзге түсті. Әлиев Қытай компаниясы мен еуропалық УЕФА футбол қауымдастығы одағы арасында болған кездесуге қатысқан. Бұл күні қос тарап Alipay мобильді қосымшасына қатысты келісім-шартқа қол қойған-ды.

Нұрәли Әлиев Қытайдың ең бай миллиардерімен бір кеште жүр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл туралы шетелдік CNBC басылымы хабарлайды.

8 жылдық келісім-шарт бойынша, Аlipay қосымшасы УЕФА чемпионаттарында қолданылады. Оның ішінде «Еуро-2020» және «Еуро-2024» ойындары бар.

Айта кетейік, Alipay – Қытайдағы ең ірі мобильді төлеу сервисі болып табылады. Оны 700 миллион белсенді қолданушы пайдаланады екен.

Ал елбасы Назарбаевтың немересі екі ірі мекеме арасында өткен кездесудің куәсі болған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Қытайдың ең бақуатты бизнесменімен түскен суретін жариялап, көпшіліктің қызығушылығын оятты.

«Құттықтаймын сізді, Джек Ма әлемдегі ең беделді 30 азаматтың қатарына кіреді», – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

Дереккөз: Stan.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар