Сәтбаев қаласындағы сауда орталығының бірінің жанынан әйелдің жалаңаш мәйіті табылды деп жазады Nur.kz.
Қала тұрғындары бірден полицияға хабар берген. «Сәтбаевтағы сауда үйінің маңынан әйелдің жалаңаш мәйіті табылды. Марқұмның жасы – 39-да, осы қаланың тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында бұдан бұрын әйелдің алкогольдік ішімдікті асыра пайдаланғаны үшін құқық қорғау органында тіркеуде болғаны белгілі болды», – дейді Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі.Әйелдің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ол сот-медициналық тексеруден кейін анық болады.