Жаңалықтар 12.11.2018 сағат 10:32  449

Астанада мейрамханада әйелдің сөмкесінен ақша ұрлаған экс-шенеунік сотталды

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қобыланды Мусин Астанада үш жылға бас бостандығынан шектелді деп жазады Sputniknews.kz.

Астанада мейрамханада әйелдің сөмкесінен ақша ұрлаған экс-шенеунік сотталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сот Мусинді ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп тауып, жыл сайын жүз сағаттан мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үш жылға бас бостандығынан шектеуге шешім қабылдады.

Мусин өзінің тұрғылықты жерін өзгертіп, көңіл көтеру орындарына бара алмайды, сондай-ақ, үйден сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін шығуға рұқсат етілмейді.  

Сонымен қатар, ол жәбірленушіге 1,8 миллион теңге (4 мың 811 АҚШ доллары) көлемінде материалдық шығын, ал мемлекеттің кірісіне 18 мың теңге (48 доллар) мемлекеттік баж төлеуге міндетті.

Биыл жазда елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің сөмкесінен қомақты ақша жоғалды. Мәдениет министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы күдікке ілінді, ол жәбірленушімен бір үстелде отырған. Сотта Мусин миллионды емес, тек 4,500 теңге алғанын мәлімдеді.

Мусин әр жылдары президент іс басқарушысының  орынбасары, туризм және спорт вице-министрі, туризм және спорт министрлігінің (қазіргі Мәдениет және спорт министрлігі) жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар