$ 479.38  531.63  5.27

Түркістан облысында пештен шыққан улы газдан 3 адам қайтыс болды

Түркістан облысында бір күнде 3 бірдей адам пештен шыққан улы газдан қайтыс болды. Қайғылы жағдай Сайрам және Жетісай аудандарында болған деп жазады ҚазАқпарат.

10 қараша күні Жетісай ауданындағы пәтерлердің бірінде 18 жастағы жігіттің өлі денесі табылды. Дәл сол күні Сайрам ауданындағы Қарасу ауданындағы жеке үйлердің бірінде осыған ұқсас тағы бір жағдай болды. Жеке үйден 62 жастағы ер адам өлі табылды.

Мамандар үйлердің бәрінде де қолмен жағатын пеш бар екенін айтады. Қазір арнайы сараптама жүргізіліп, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары