Жаңалықтар 12.11.2018 сағат 10:55  494

Әділбек Ниязымбетов бокстан кететінін мәлімдеді

Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азиада жеңімпазы Әділбек Ниязымбетов рингтегі карьерасын аяқтағанын мәлім етті деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

Әділбек Ниязымбетов бокстан кететінін мәлімдеді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл жаңалыққа қатысты ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов өз ойын айтты.

«Әділбек әр спортшының маңдайына бұйыра бермейтін жеңістерге қол жеткізді. Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының финалына тек мықтылар шығады. Сондықтан отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан», − дейді Мырзағали Айтжанов.

Әділбек Ниязымбетов бокстан ұлттық құрама команданың капитаны болып, бұл міндетті де абыроймен атқарды. Қазақстан біріншілігі аяқталған соң бапкерлер кеңесі құрама сапында өнер көрсететін боксшылармен бірге жаңа капитанды да бекітпек.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар