14.11.2018, 10:06

Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті

Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 14 қараша күні таңда Достық даңғылы 226-мекенжайындағы тоғыз қабатты үйде орын алды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, жедел жәрдем сағат 05.39-да шақырылды. Бригада оқиға орнына 05.42-де жеткен.

«Алтыншы қабаттан құлаған 1970 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды», – деді А.Сақпосынова.

Ер адам өзі секіріп кетті ме, әлде басқалай жағдай болды ма, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.