№2 Есіл аудандық сотында бірнеше тұлғаны алдап соққан риэлторға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп жазады қалалық соттың сайты.
Ер адам жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері ретінде жұмыс істеп жүріп жалдамалы пәтерлерді берумен айналысқан. Зардап шегушілерден үш ай бұрын төлем жасауларын сұраған. Осылайша, өзінің қылмыстық әрекетімен бірнеше зардап шегушіге 3 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген.
Соттың үкімімен айыпталушының бас бостандығы 2 жылға шектелді (ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі). Сот үкімі заңды күшіне енді.
Дереккөз: ҚазАқпарат