Жаңалықтар 16.11.2018 сағат 05:31  458

Қазақстан Ресейге құлаған зымыраннан келген залалдың шығынын есептеді

Қазақстан Ресейге «Союз» тасымалдаушы ракетасының құлауынан келтірілген залалды бағалаудың актісін ұсынды. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте апат салдарын зерттеу жөніндегі комиссия төрағасы Юрий Ильин мәлімдеді.

Қазақстан Ресейге құлаған зымыраннан келген залалдың шығынын есептеді
«Союз» зымыран тасығышының Байқоңырдан ұшырылған сәті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Төтенше жағдай қазанның 11-і күні орын алған болатын. «Союз» тасымалдаушы ракетасынан жерге 22 тонна керосин төгілген. Анықталғандай, апатқа датчиктің істен шығуы себеп болған. Бүгінге дейін зымыран құлаған аумақта зерттеу жұмыстары жүргізіліп, келтірілген залалдың шығыны есептелді. Қазақстан мен Ресей елдерінің келісімі бойынша арнайы комиссия құрылған.

«Ресей өз тарапынан апатқа себеп болған жағдай жөніндегі ақпаратты ұсынды. Қазақстан тасымалдаушы ракетадан төгілген сұйық отынның құлаған аумаққа тигізген залалын зерттеуге кеткен зертханалық жұмыстардың шығынын ұсынып отыр. Ал талдау жүргізген әріптестерім ракета құлаған жерде улағыш заттар концентрациясы ешқандай қауіп туғызбағанын мәлімдеді», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий ИЛЬИН.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қысқы дайындығын пысықтады. Мәселен, осыған дейін пайдаланылып келген 950 жылыту бекетінің қатарына қосымша тағы 130-ы қосылған. Анықталғандай, елордадағы барлық коммуналдық қызметтер де қыр астындағы қысқа сақадай сай.

«Жол пайдалану қызметтері 1 мыңнан астам инженерлік және қар тазалау техникасын дайындады. Көктайғаққа қарсы 120 мың текше метр материал, 12 мың тоннадан астам тұз дайындалған. Қардан қорғайтын 37 мың метрден астам қалқандарды орнату жүзеге асырылып жатыр», – деді Юрий ИЛЬИН.

Дереккөз: «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар