Жаңалықтар 16.11.2018 сағат 06:48  551

Шымкентте өткен той атыспен аяқталды

Шымкентте өткен той атыспен аяқталды. Өзара төбелескен жігіттер С. есімді азаматты қарумен жарақаттады деп хабарлайды жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкентте өткен той атыспен аяқталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оқиға қарашаның 14-інен 15-іне қараған түні болған. Тойға келген қонақтардың бірі С. есімді азаматқа травматикалық қару кезеп, маңдайы мен қарнын жарақаттаса, екінші бірі кеудесіне пышақ жарақатын салған.

Төбелестен кейін олар Mazda автокөлігімен қашып кеткен. Көп ұзамай полицейлер күдіктілерді қолға түсірген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жарақат алған азамат қалалық ауруханада жатыр.

Дереккөз: NewTimes.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар