Жаңалықтар 16.11.2018 сағат 05:42  819

«Алтын адам» Кореяның Ұлттық музейіне қойылмақ

26 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен Корея Ұлттық музейінде халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы шеңберінде «Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты бірегей көрмені ашады деп хабарлайды ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі.

«Алтын адам» Кореяның Ұлттық музейіне қойылмақ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көрменің басты мақсаты шетелдік көрермендерді Ұлы даланың тарихы және мәдениетімен таныстыру. Көрмеге ҚР Ұлттық музейі қорларынан скиф-сақ кезеңінің жәдігерлері, алтын бұйымдары, қазақ халқының XVIII ғ. соңы мен XX ғ. басындағы этнография және зергерлік өнер бұйымдары ұсынылады.

Көрменің басты экспонаты атақты археолог Кемал Ақышевтың басшылығымен 1969 жылы Алматының шығысынан 50 км қашықтықта орналасқан Есік қорғанынан табылған «Алтын адам». Археологтар қабірден 4 мыңнан астам алтын бұйым тапты. Көсемнің киімі мен бас киімінің барлық әшекейлері сол киімге тігілген бастапқы қалпында бұзылмай жеткен. Олардың барлығы өнер туындысы саналып скиф-сібірдің аң стилінің ескерткіштеріне жатады.

Бүгінде «Алтын адам» бүкіл әлемге танымал және Тәуелсіз Қазақстанның символы саналады. Бұлбұрын-соңды табылған қорғандар арасындағы Мысыр перғауыны Тутанхамонның қабірінен кейінгі ең көп алтын бұйымдар табылған қорған.

Есік қорғанынан табылған заттар арасында Қазақстан аумағындағы ең ежелгі жазба ескерткіш руна жазуымен орындалған жазбасы бар күміс тостағанның орны ерекше.

Қазақ мәдениетінің нағыз баға жетпес қазынасын зергерлік өнер туындылары құрайды. Көрмеге XVIII ғ. соңы мен XX ғ. басындағы алтын және күміс бұйымдар ұсынылатын болады.

Көрмеде таныстырылатын зергерлік өнер туындылары – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорларындағы алтын бұйымдардың бір бөлігі ғана. Олар Еуразияның далалық мәдениетінің үздіксіздігін дәлелдеп, өзіндік стилі мен ерекшеліктерін бейнелейтін бізге аты белгісіз тарих тереңінде қалған шеберлердің қолдарынан шыққан туындылар.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар