Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.