$ 494.87  520.65  4.91

Шешенстанда жанкешті әйел өзін жарып жіберді

Грозныйдың Старопромысловск ауданында әйел адам өзін жарып жіберді деп хабарлады BBC News. Полицейлер оның лаңкес болғанын айтуда.

Шешенстан Ішкі істер министрлігінің уақытша басшысы Апти Алаудинов Интерфаксқа берген сұхбатында оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның сөзінше, жанкешті әйел өткізу-бақылау бекетіне қарай жақындаған. Полицейлер оның тоқтауын және құжаттарын көрсетуін талап еткенімен, әйел сөзге құлақ аспапты.

Әйел бекетке жақындап қалған кезде тәртіп сақшылары ескерту ретінде аспанға оқ атыпты. Сол сәтте жанкешті беліндегі жарылғыш затты іске қосқан. Жарылыс салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, тек лаңкес әйелдің өзі ғана қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары