Қырғызстанның Баткен қаласында облыс прокуроры Анарбай Масажакыповты өлтіріп кетті деп жазады «Кабар» ақпараттық агенттігі.
Прокурордың денесінде зорлық белгілері болған.
«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің кім екені белгілі.