$ 442.05  474.14  4.74

Терроризмді насихаттады деген күдікпен Ақтөбенің екі тұрғыны ұсталды

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды деп жазады ҚазАқпарат.

«15 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде радикалды діни нанымдарының негізінде терроризмді насихаттады, террористік топ құрды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны ұсталды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, олардың тұрғылықты мекенжайларынан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың бөлшектері, атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ экстремистік сипаттағы материалдар, соның ішінде ұрыс іс-қимылдарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық алынды.

17 қарашада Ақтөбенің екі тұрғыны да сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары