Жол-көлік оқиғасы Өскеменнің сол жағалауында болған деп жазады YK-news.kz.
Куәгердің айтуынша, 18 қараша күні 2 жеңіл автокөлік соқтығысып, біреуі жолдың жиегіне ұшып кеткен. Екі жүргізушінің бірі оқиға орнында мерт болған.
Облыстық полиция департаменті оқиға қатысты ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.