18 қарашада Павлодар-Астана тас жолында Қарасор ауылы аумағында болған жол апаты салдарынан Nissan Almera көлігі шұңқырға түсіп, айналып кетті деп жазады pavon.kz.
Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан 4 адам жарақат алды. «1980 жылғы көлік жүргізушісінің миы шайқалған және сол білек сүйектің ашық сынуы жарақатын алған. Ол Екібастұз ауруханасына жатқызылды», – дейді Денсаулық сақтау басқармасындағылар. Сондай-ақ, 1984 жылғы жолаушы бассүйек-ми жабық жарақаты және екі жақ қабырғасының сынуы бойынша ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғадан екі сағаттан кейін Қарасор ауылы маңында жол апаты болып, Nissan Almera көлігі шұңқырға түсіп, айналып кеткен. Көлікте 5 жолаушы болған. Оның екеуі ауруханаға барудан бас тартқан. «Жол апаты салдарынан 3 адам зардап шекті. 18 жастағы жасөспірім Екібастұздағы ауруханада жатыр. Оның миы шайқалған», – дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.Ал 1997 және 1992 жылғы екі жолаушы дәрігер көмегінен бас тартыпты.