$ 441.58  480  4.86

БҚО-да автокөлік өзенге батып кетті

Батыс Қазақстан облысында екі адам автокөлікпен өзенге батып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Қазталов аудандық ТЖ бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға кеше сағат 14.00 мен 15.00 аралығында Ақпәтер ауылы тұсында болған.

1979 және 1981 жылы туған екі тұрғын «АудиА6» автокөлігімен Қараөзенде мұздың үстімен өтемін деп батып кеткен. Көп ұзамай олардың денелері судан шығарылды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары