20.11.2018, 06:11

Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы боп тағайындалды

Сауат Мыңбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы боп тағайындалды деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» баспасөз қызметі.

Сауат Мыңбаев 1962 жылы 19 қараша күні Талдықорған облысы, Панфилов ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

2013 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы қызметін атқарып келді.

М. Ю. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген.

1988 жылы экономика ғылымының кандидаты болды. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Прогнозирование воспроизводства основных фондов».