Жаңалықтар 20.11.2018 сағат 10:27  2446

Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі

Жұртты ойлануға шақыратын кезекті бір хикая әлеуметтік желіні шарлап кетті. Онда күйеуі бар келіншек өзінің басынан өткен махаббат (әлде тек нәпсіқұмарлық) хикаясын баяндапты. Содан кейін ұлды болған әйел енді оның кімнен екенін білмей дал жазады Caravan.kz.

Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ерланмен қайнымның тойында таныстық. Қалыңдық жағынан жекжаттардың бірі. Жанында толықша келген, қысқа шашты әйелі болды. Тойда билеп жүріп, ара-арасында сөйлесіп үлгеріп, арамыздан бір ұшқын шарпып өтті.

Бір аптадан соң күндіз кездестік. Пәтерді жалға алып, аптасына бір рет кездесетін болдық. Бірде бұл жүрісімді күйеуім біліп қала жаздады. Ерлан хабарлама жазған еді, соны оқып отыр едім, күйеуім біреумен «смс» жазысып жүрсің бе, деп бас салғаны. Ауа-райы туралы кепті деп зорға құтылдым. Ал Ерлан маған төсекте жалынды, ыстық екенімді айтады. Күйеуіммен ешқашан жасамаған түрлі дүниелерді тәжірибелеп, барынша ләззәт алуға берілемін. Ерланның да қиялында шек жоқ екен. Бұрын мен көрмеген, білмеген қызық нәрселер жасайды. Әйел адамға жыныстық қатынастың тигізер пайдасының көп екенін түсіндім. Жалпы әйел затының құлазыған көңілін көтеретін де, жасартатын да төсек қатынасы екен.

Ерланмен кездескелі бері жадырап, жүзіме күлкі үйіріліп, бейне бір керемет сезімде, ұшып жүргендей сезімдемін. Қыз бен жігіт болып жаңа танысып, жүріп жүрген кездегі балғын сезімдер қайтадан оянып, бақыттан басымның айналып жүргенін кімге айтарымды білмедім. Ерланмен кездескенде ғана өзімді нағыз әйел ретінде сезіне аламын.

Осылайша үш айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім…

Қуанарымды, не жыларымды білмедім, бірақ қуаныш басып кетті… Негізі күйеуіммен арада бір қызымыз бар. Екінші құрсақты да босанатын болып шештім. Сөйтіп, ұл туып алдым. Бірақ, баламның кімнен екенін нақты білмеймін. Кейде өз-өзімнен жиіркенемін, бірақ баламды көріп, жиіркенішім басылады…

Күйеуім мұның бәрінен бейхабар, әрине. Оның көзіне қарасам, кейде қуыстанамын. Жүктілік кезінде, босанғасын Ерланмен қарым-қатынасты үзуге тура келді. Бірақ, оны жадымнан шығарған емеспін. Балам алты айға толғанда өмірімде Ерлан қайтадан пайда болды. Өзімнің ішкі сезімдерімді өзім түсінбей әлекпін.

Мен күйеуімді де сүйемін, Ерланды да сүйемін. Екеуінсіз де өмір сүре алмаймын. Ерланмен болған сәтте күйеуімді ойлаймын, күйеуіммен болған кезде Ерлан ойымнан шықпайды. Әрине, күйеуім төсекте Ерлан тәрізді емес, дегенмен өзімді сыйлайды, жақсы көреді.

Мені жазғыратын шығарсыздар, енді біреулеріңіз ұрысатын шығарсыздар… Менің жасаған әрекетім қате екенін білемін. Бірақ жүрегімнің қалауынан аса алмадым…

Әбден шатастым. Кеңес беріңіздерші!

Дереккөз: 365info.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар