$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда болған өрттен зейнеткер қаза тауып, үш жасар бала мен әйел аман қалды

Теңге ауылында жер үйде болған өрттің салдарынан 75 жастағы зейнеткер қайтыс болып кетті. Ал үш жасар бала мен әйел түтіннен уланып, Жаңаөзендегі қалалық ауруханаға жатқызылды деп жазады Lada.kz.

Бұл оқиға 20 қарашада Тенге ауылындағы жер үйдің бірінде болған. Сағат 16:10 шамасында №29 бірінші үйдегі қонақ бөлмесі жанып бастаған. Өрттің аумағы 25 шаршы метрді құрайды.

«Құтқарушылар тобы өрт шыққан үйден 1943 жылы туған зейнеткерді алып шыққан. Ол бірден Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Алайда қайтыс болып кеткен. Сондай-ақ, түтіннен уланған үш жасар бала мен 1979 жылы туған әйел де ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталуда», - дейді  Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің басшысы Рукия Сычева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары