Жаңалықтар 21.11.2018 сағат 04:50  338

Алматыда мыңға жуық ескі үйлер сүрілетін болды

Алматыда бес жылдың ішінде мыңға жуық екіқабатты ескі үй сүріледі, себебі олардың шатырынан су ағып, іргетасы шытынап, едені опырылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Алматыда мыңға жуық ескі үйлер сүрілетін болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Олар алты ауданның бесеуінде орналасқан ірі аумақтар. Негізгілері Түрксіб және Жетісу аудандарындағы екі ірі аумақ, ондағы 200 үйдің 70-і ескі. Бұл жеке инвестиция болғандықтан, әрбір инвестор ақшасы мен ықтимал қауіп-қатерді санайды. Тұрғындардың кейде құжаттары болмайды, заңды қоныстанбаған немесе арестте болуы мүмкін. Біз қазір осының бәрін зерттеп жатырмыз», - деді «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхит Әзірбаев.

Құлатылған үйлердің орнына жаңалары салынады. Бизнесмендер құрылыс жұмыстарына шамамен 320 миллион теңге бөледі. Ал билік өкілдері алғашқы көпқабатты үйлерді келесі жылдың соңында өткізбекші. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар