Өскеменде 19 жастағы шекарашы көз жұмды. Күдіктінің сөзінше, қайғылы жағдайға қару бөлшегінің жоғалуы себеп болған деп хабарлайды «31» арна.
Шекарашы Әлихан Қожагелдиев атыс қаруының бөлшегін жоғалтып алғаны жайлы шекара нарядының аға қызметкері Артем Дереглазовқа айтқан. Екеуі бірлесіп іздегімен қару бөлшегі табылмаған. Серіктесінің сөзінше, ол жазадан қорқып, өзіне оқ атқан.
Ал марқұмның анасы ұлының бұндай қадамға барғанына сенбейді. Алиханның өте ақылды жігіт болғанын айтқан жанұясы сенім ақтар ұл тәрбиелегендерін айтады.
Әлихан Қожагелдиев колледжді үздік бітіріп, университетке бюджеттік негізде оқуға түскен.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Марқұмның серіктесі Артем Дереглазов жолдасын өз-өзін өлтіруге дейін апарған деген күдікке ілінді. Ал қару бөлшегі қайғылы жағдайдан кейін арнайы меттал іздегіш арқылы табылды.