$ 498.34  519.72  4.85

«Не деген қатыгез едіңіздер»: 14 жастағы оқушы қыз Путинге хат жазып, артынша өзіне қол жұмсады

Смоленск облысында 14 жастағы қыз Ресей президенті Владимир Путинге хат жазып, артынша өзіне қол жұмсаған. Ол анасының аз жалақыда жұмыс істеп жүргенін айтқан деп жазады echo.msk.ru.

 «Радио Свобода» тілшілерінің жазуынша, қыз мектептегі сыныптастарының өзін мазақ ететіні туралы да жазған екен. Оның көзі нашар көрген. Басқалары сол үшін қызды мазақтап ашуына көп тиген. Жеткіншектің анасы ауруханада санитар қызметішісі болып жұмыс істейді.

Путинге хат жазып, оған жолдағаны үшін қыздың анасын жұмыс жеріндегі басшылық сөгіс берген. Өлерінен бірнеше күн бұрын оқушы қыз желіде «Барлығыңыз не деген қатыгез едіңіздер» деген жазба қалдырыпты. Сондай-ақ, өзінің өліміне ешкімнің кінәсі жоқ екенін жазып кеткен.

  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары