$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында өрттен ер адам көз жұмды

Арқалықта өрт сөндірушілер жеке үйден 47 жастағы ер адамның денесін тапты деп хабарлайды Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт кеше Арқалықтың маңындағы Жаңа кентінде болған.

«Киев көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 шаршы метрлік ағаш едені жанған. Өрт шыққан жерден 1971 жылғы азаматтың мәйіті табылды», - деп хабарлады ТЖД-дан.

Ведомствоның ақпараты бойынша, өрттің алдын ала шығу себебі - отты қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары