22.11.2018, 05:40

Шымкентте полицейді көлік қағып өлтірді

14 қараша күні Шымкентте Toyota Camry автокөлігі жаяу жүргіншілер жолағында ағайындыны ер адамды қағып кетті деп жазады Оtyrar.kz.

Ағайындының бірі 1984 жылы туған азамат сол жерде қайтыс болды. Оның Еңбекші аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы болғаны анықталды.

Ал 32 жастағы әскери қызметкер ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ол қаладағы әскери бөлімшелердің бірінде қызмет атқарған.