23.11.2018, 03:29

Қостанайда 16 жастағы қызға іздеу жаряланды

Қостанай облысының тумасы 16 жастағы Терентьева Екатерина Александроваға іздеу жарияланды.  Бұл жайында Қостанай облысының Полиция департаменті хабарлады деп жазады Аlau.kz.

Екатерина Қостанайдағы мекен-жайынан бөтен жерге шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.

Екатеринаның бойы – 165-167 см, арықтау келген. Сол күні үстіне ақшыл түстегі пальто, аяғына қара түсті ботинка киген.