$ 494.87  520.65  4.91

Пәкістанда Қытай елшілігіне шабуыл жасамақшы болды

Пәкістанның Карачи қаласында үш лаңкес Қытай елшілігіне шабуыл жасамақшы болған деп жазады Reuters.

Полиция мәліметінше, олар ғимаратқа кіргенге дейін өлтірілген. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, жанкешті лаңкестер виза орталығына өтпекші болған. 

Шабуыл кезінде екі полицей қаза тапты. Осы лаңкестік шарасы үшін сепаратистік Белуджистан тобы өз мойнына алды.

Пәкістан үкіметінің мәліметінше, елшілікте жұмыс істейтін 21 адамға еш зиян келтірілмеген. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары