23.11.2018, 10:43

Атырау облысында жол апатынан әйел 6 айлық сәбиімен бірге қаза тапты

Атырау облысында «ВАЗ Приора» маркалы екі көлік соқтығысып, анасы мен баласы қаза тапты. Тағы 6 адам зардап шеккен деп жазады ҚазАқпарат.

«Жол апаты Доссор-Мақат тасжолында болды. Соқтығысу кезінде 27 жастағы әйел мен 6 айлық сәби қаза тапты. Түрлі жарақат алған алты зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінен.