Жаңалықтар 23.11.2018 сағат 12:23  421

Қазақстан вице-минситрі екпе салдырмаған балаларды мектепке қабылдамауды ұсынды

Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева екпе салынбаған балаларды мектепке қабылдамауды ұсынды. Бұл туралы ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында айтылды.

Қазақстан вице-минситрі екпе салдырмаған балаларды мектепке қабылдамауды ұсынды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алайда, әзірге бұл норма тек талқылау барысында. Яғни ол балаларға екпе салдыруды заңменміндеттеуді ұсынды.

Вице-министрдің айтуынша, түсіндіру жұмысын жүргізіп, әр адамға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйрету керек. Екпе салынбаған балалар жанындағыларға қауіп төндіретінін айтады.

Қазақстанда жыл сайын жұқпалы ауруға қарсы 5 млн-нан астам адам екпе салдырса, оның 1,3 миллионы балалар.

Жыл сайын екпе салдырудан бас тартқандардың саны артуда. Биыл Қазақстанда екі мыңнан астам адам екпе салдырмаған. Ал жалпылама алғанда, екпеден 14 мың адам бас тартыпты.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар