$ 494.87  520.65  4.91

Вице-министр 16 жастан бастап қыздарға ата-анасының келісімінсіз түсік жасатуына рұқсат беруді сұрайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарының келісімінсіз 16 жастан бастап аборт жасатуға мүмкіндік беруді ұсынады.

Бұл туралы мәжілісте өткен кездесуде денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді деп жазады Kazpravda.kz.

Мұндай шара, оның пікірінше, кәмелетке толмағандарға қажетсіз жүктілікке жол бермейді.

«Қолданыстағы заңнама ата-анасының келісімінсіз, кәмелетке толмаған балаларға медициналық қызмет көрсетуді шектейді. Бұл шектеулер жүктілікті қаламайтын, аборттар жасатқысы келетін кәмелетке толмағандарға уақытылы медициналық қызметтерді алуға жол бермейді», – деді вице-министр.

Вице-министр берген ақпаратқа сай, жасөспірімдер арасында туылғандардың саны 26% -ға төмендегенімен Қазақстан 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында туу көрсеткіші бойынша әлем бойынша алдыңғы орында. Бұл тізімде Болгария, Молдова, Эстония және басқа да постсоветтік елдер.

«Осыған байланысты біз 16 жастан бастап ата-аналарының келісімінсіз медициналық қызметтерді алуға кепілдік беретін «салық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс жобасына өзгеріс қосу туралы мәселе бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Ләззат Ақтаева.

ЮНФПА-ның мәліметтері бойынша, Қазақстанда жыл сайын 6 мыңнан астам жасөспірімдік жүктілік тіркеледі. Ал әр үшіншісі  түсік жасаутмен аяқталады. 15 жастан 19 жасқа дейінгі 1000 қыздың 36-сы түсік жасатқан.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары