$ 439.43  473.31  4.82

Таразда базар өртенді

Таразада «Ауыл-Береке» базары өртенді.  Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты деп жазады ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, бүгін таңертең сағат 9:13-те өрт сөндіру қызметінің кезекшілік бөліміне Мәмбет батыр көшесі бойындағы «Ауыл-Береке» базары өртеніп жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен.

«Шамамен 700 шаршы метрді құрайтын он дүңгіршектегі киім-кешек өртенген. Сағат 09:47-де өрттің алды алынып, 10:01-де толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Ресми өкілдің дерегінше, өрт сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД жеке құрамының 49 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары